Translating:How to start/kk-cyrl
Қалай бастаған жөн?
- translatewiki.net сайтынан аккаунт ашыңыз
Бастау үшін алдымен пайдаланушы болып тіркелуіңіз керек. Тіркелу бір минуттан артық уақыт алмайды және соның арқасында істеген жұмыстарыңызды қадағалап отырасыз.
Пайдаланушы болып тіркелген кезде, тілдер туралы қарапайым нәрселерді білетініңізді дәлелдеу үшін сынақ түрінде бірнеше аударма жасауыңыз керек болады. Бұл аудармалар жарияланбайды, бірақ сенімді пайдаланушылардың ескі аудармаларымен салыстырылады, содан кейін ғана сізге ағымдағы аудармаларды жасау құқығы беріледі. Яғни, аударған материалдарыңыз бағдарламаның/веб-сайттың келесі нұсқасында шығады.
Байланыста болыңыз
Support бетінде кез келген нәрсе туралы сұрақ қойып не ұсыныс жібере аласыз.
Интерфейсіңізде қолданылатын тілдің порталында (яғни қазақша (кирил) тілінің Portal:kk-cyrl) тіл қауымдастығындағы әртүрлі ақпарат пен әрекеттер туралы статистиканы көре аласыз. Сондай-ақ бұл жерде сіздің тіліңізге аударатын басқа аудармашылармен хабарласуыңызға және терминологияны талқылауыңызға болады.
Special:WebChat сізге браузер арқылы IRC арнамызға қосылуға мүмкіндік береді. IRC туралы көбірек анықтаманы m:IRC бетінен табуға болады. Қысқаша айтсақ, translatewiki.net сайтының ұжымы мен әзірлеушілері байланыста болғанда, олармен нақты уақытта сөйлесе аласыз.
Аударуды бастаңыз
Аударуға рұқсат алғаннан кейін сізге алдымен аудару құралы ашылады. Бұл бетте біздегі барлық хабарлама тобы көрсетіледі. Аудармалардың көбі осы құралды пайдаланады, толық ақпарат нұсқаулықта.
Аударып жатқан бағдарламалық құралдың жоба бетін де қарап шығыңыз, өйткені ол жерде маңызды нұсқаулар мен кеңестер болуы мүмкін. Жоба беттері аударма интерфейсінің жоғары жағындағы қысқаша түсініктемеде сілтеме түрінде көрсетілген.